«Мектеп медиациясы» тақырыбындағы кездесу
2023 жылғы 11 сәуірде № 2 мектеп-лицейінде жоғары және орта сыныптар оқушыларының ата-аналарына арналған мектеп жиналысы өтті, оған «Қоғамдық келісім» КММ талдау және мониторинг бөлімінің бас сарапшысы А.К. Мусина қатысып, «Мектеп медиациясы» тақырыбында сөз сөйледі.
Медиация туралы жалпы ұғымдар түсіндірілді. Тараптар оқушылар мен мұғалімдер, оқушылардың өзара арасындағы қақтығыстар мен даулардың сұрақтары мен мысалдарын талқылады. Кездесу барысында тыңдаушылар сұрақтарға жауап алды.