Медиатордың жастармен кездесуі

А.ж. 27 қаңтарында «Қоғамдық келісім» КММ кәсіби медиатор Мәдиева Гүлнәр Серікқызы А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттерімен кездесті.

Дәріскер тыңдаушыларға тараптардың ерікті келісімі негізінде жүзеге асырылатын дауларды баламалы реттеу технологияларының бірі ретінде медиацияны қолдану туралы айтып берді. Ол өзінің дәрісін студенттік ортадағы жанжалды жағдайларды шешуге медиатор қатысатын бейнематериалдарды көрсетумен сүйемелдеді. Медиатордың баяндамасы студенттердің қызығушылығын тудырып, олар мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық санасын дұрыс тәрбиелеуге оң ықпал ететінін атап өтті.