Журналистер клубының отырысы
Ағымдағы жылдың 26 маусымында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Журналистер клубының отырысы өтті. Клуб мүшелері бірінші жартыжылдықтағы жұмысын қорытындылап, мемлекет басшысы К. К. Тоқаевтың ҚХА XXXII сессиясында берген тапсырмалары аясында облыстық Ассамблеяның қызметін ақпараттық жариялау жөніндегі міндеттерді талқылады.
Талқылау барысында азаматтық қағидаттарында қоғамдық келісімді, қазақстандық бірегейлік пен патриотизмді нығайту мен сақтаудың құндылықтарын насихаттайтын және қоғамдық санада бекітетін жарияланымдардың, телебағдарламалардың мазмұнды шығуын қамтамасыз ету бойынша нақты ұсыныстар айтылды.
Клуб жұмысына Ақмола ҚХА хатшылығының меңгерушісі Сабырхан Кенжебаев пен «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Ермек Нұғыманов қатысып, сөз сөйледі.
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне байланысты клуб мүшелерін облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапаттау өтті.