Журналистер клубының отырысы

А. ж. 14 мамырында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Журналистер клубының кезекті отырысы өтті, оның барысында клуб мүшелері баспасөз БАҚ-да, интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде этносаралық саланы ақпараттық жариялау және мониторингілеу жөніндегі облыстық медиа-жоспардың орындалуын талқылады.

 

Клуб хатшысы С. С. Сәдуақасовтың баяндамасында облыстық «Арқа ажары», «Акмолинская правда» газеттерінің, қалалық «Степной Маяк» және аудандық «Зерен» газеттерінің өкілдері болып саналатын клуб мүшелерінің аталған жоспарды дәйекті  және кеңінен жариялап жатқаны ерекше атап өтілді.

 

Жыл басынан бері этносаралық қатынастар саласын жарықтандыру мәселелері бойынша «Акмолинская правда» газеттерінде 25, «Арқа ажарында» – 20, «Степной маякта»  – 9, «Зерен» газетінде – 25 материал жарияланған.

 

Клуб төрайымы Ким Светлана Васильевна ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығында әріптестерін Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының, оның қоғамдық құрылымдарының қызметін жариялау бойынша клуб жұмысын жандандыруға, оны әр түрлі жанрларды пайдалана отырып, ҚХАА мүшелерін, этномәдени бірлестіктердің басшыларын спикер ретінде тарта отырып, жүйелі түрде жүргізуге шақырды.

Күн тәртібін талқылау барысында клуб мүшелері «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметінің этносаясат мәселелерін қамтыған журналистермен өзара іс-қимылын күшейтуді, ақпараттық жұмысқа блогерлерді, ақпараттық агенттіктердің, сайттардың, электрондық БАҚ журналистерін белсенді тартуды ұсынды.

Отырысқа қатысушылар өз  сөздерінде кәсіби тұрғыдан өсу үшін этносаралық қатынастар саласындағы сарапшыларды тарта отырып, семинарлар ұйымдастыру арқылы журналистердің этносаяси сауаттылығын арттыру қажеттігін алға тартты.