Көкшетау университетіндегі кездесу

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-де этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті насихаттау мәселелері бойынша облыстың оқу орындарымен тығыз ынтымақтастық орнатылған.

«Отаным-тағдырым» жобасы аясында ағымдағы жылдың 11 сәуірінде Абай Мырзхаметов атындағы Көкшетау университетінде «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Ә. Сванқұлованың және «Жастар Ассамблеясы» РҚБ Ақмола өкілдігінің төрайымы А. Асқарованың университет студенттерімен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Әсел Боранбайқызы студенттерді Ассаблея қызметінің негізгі бағыттарымен және оның құрылымдарымен таныстырды, Айғаным Асқарова 2022 жылы «Ассамблея жастары» РҚБ Ақмола өкілдігінің атқарған жұмысы және ағымдағы кезеңге арналған міндеттері туралы айтып берді. Сондай-ақ, спикерлер кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.