Медаль табыс ету
А. ж. 14 желтоқсан күні ішкі саясат басқармасының тапсырмасы бойынша «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Уразбаева К. Ә. өз этносының тілін, мәдениеті мен дәстүрлерін дамытумен белсенді айналысатын Ақмола облысындағы әзірбайжан диаспорасының өкілі Мамедов Тариэль Гидаят оғлымен кездесті. Кездесу барысында қоғам белсендісіне «ҚР Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медалі табысталды.