Бас киім жасау
__А.ж. 17 мамырында “Қоғамдық келісім” КММ қабырғасында Нұр-Сұлтан қаласынан келген шебер Мадина Қуандық ҚХАА сәндік-қолданбалы өнер шеберлері одағының мүшелері үшін тақия дайындау бойынша шеберлік сабағын өткізді.__Қазақ бас киімін дайындау тыңдаушылардың қызығушылығын тудырды. Мадина бас киімді қалай тігуге, оны жүн жіптерінен өрнектермен безендіруге, арнайы жасырын тігіспен тігудің әр қадамын түсіндірді.
__Ол үшін лэд-экранда тақия дайындау бойынша таныстырылым көрсетілді.
__Ежелгі заманнан бас киім жасауда терең мағына жатыр. Сонымен, ежелгі уақытта біздің әжелеріміз әр тігіс сайын бас киім иесінің әл-ауқаты, берекесі, әрдайым үйіне аман оралуы үшін дұға жасаған.
__Ұжымдық шығармашылықтың нәтижесінде шараға қатысқан әр әйел өзіндік ерекшелігі бар бас киім жасады.