Журналисттер клубының отырысы
А. ж. 20 желтоқсанында «Қоғамдық келісім» КММ Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Журналистер клубының отырысы өтті. Облыстық ассамблея хатшылығының меңгерушісі М. Ю. Тохаева өз сөзінде клуб мүшелерінің назарын Қазақстан халқы Ассамблеясының 25-жылдығына орай ҚХАА өткізетін іс-шараларды кеңінен, жоспарлы түрде жариялауға аударды.
Клуб қатысушылары облыстық Ассамблеяның мерейтойлық жылдағы қызметі туралы журналистердің материалдары оқырмандар үшін жарқын, мазмұнды және қызықты болуы үшін жұмысты қалай дұрыс үйлестіру туралы пікір алмасты.
2020 жылы журналистер үшін фотобайқаулар, ҚХАА қызметі туралы үздік жарияланым байқауы ұйымдастырылады.
Бұл жұмысқа аудандық, қалалық БАҚ тарту керектігі, оларға этносаралық мәселелер бойынша өз жарияланымдарының тақырыбын кеңейту қажеттігі атап өтілді. Журналистер клубының жыл ішіндегі жұмысының қорытындысы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі туралы кітап, фотоальбом, бейнебаяндар шығару болуы тиіс.