Журналистер клубының отырысы

А.ж. 21 желтоқсан күні «Қоғамдық келісім» КММ Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы журналистер клубының отырысы өтті.

Отырыста сөз сөйлеген облыстық Достық үйінің директоры Е.Б. Нұғыманов журналистер клубының мүшелеріне Ақмола ассамблеясының, оның қоғамдық құрылымдарының қызметін баспа және электронды БАҚ кеңінен жариялау ісіндегі белсенділіктері үшін алғыс білдіре отырып, олардың Ассамблея жұмысына бұқара халықтың оң пікірін қалыптастырудағы, қоғамдық келісімді нығайтудағы ерекше рөлін атап өтті.

Журналистер клубтың аяқталғалы отырған жылдағы қызметінің қорытындыларын талқылап, 2021 жылға арналған міндеттерді айқындады.Сонымен қатар отырыс барысында этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» облыстық шығармашылық байқауының жеңімпаздары «Қоғамдық келісім» КММ атынан дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.