Жас отбасы
2019 жылғы 20-21 қараша күндері Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің қамқорлығымен, Қазақстанның этномәдени бірлестіктерін таныстырған жас отбасылардың қатысуымен «Дәстүрлерді сақтай отыра» атты республикалық фестиваль өткізілді.
Ақмола облысы атынан аталмыш фестивальге Зеренді ауданының Сонгиндер отбасы қатысты. Рүстем поляк, Сезім қазақ ұлтынан, екеуі іс-шара барысында поляк Рождество мерекесін тойлау дәстүрін көрсетті. Іс-шараны ұйымдастырушылар бұл отбасын диплом және ноутбукпен марапаттады. Сонымен қатар фестиваль аясында отбасылық құндылықтарды дамыту ісіне қосқан зор үлесі үшін Зеренді аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Рақымжанова К. С. дипломмен марапатталды