Мерейтой иелерін құттықтау

19 маусым күні Достық үйінде Ақмола облысы ҚХА  мүшесі Марат Қадырұлы Сырлыбаев және облыстық Ассамблея жанындағы журналистер клубының мүшесі Байқал Қайроллаұлы Баядилов 60 жасқа толуына байланысты салтанатты отырыс өтті.

Мерейтой иелерін құттықтаған «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Е.Нұғыманов, Марат Қадырұлы мемлекеттік органдарда, жоғары оқу орындарында көп жылдары басшылық қызметті абыройлы атқара жүріп, Ассамблея тыныс-тіршілігімен тығыз байланыста жүргенін, ал Көкше жерінде туып-өсіп, журналистық, ақындық жолында биік белестерді бағындырған Байқал Қайроллаұлы бүгінгі күні ассамблея журналистер клубының беделді мүшесі екенін атады. Халқымыздың салты бойынша той иелерінің иығына шапан жауып, сыйлықтар табыстады.

Әріптестерін құттықтауға келген Ақмола облыстық ҚХА мүшелері, Журналистер клубының төрайымы С.Ким, «Арқа ажары» газетінің бас редакторы Қ.Төреғожа өз ыстық лебіздерін білдіріп, өнерпаздар әннен шашу сыйлады.