Музыканттарды құрметтеді
Бүгін «Қоғамдық келісім» КММ ұжымы әріптесіміз Сәкен Қарбаевты құрметті демалысқа шығуымен құттықтады. Ол кәсіби музыкант, 50 жыл мәдениет саласында қымет істеген, соңғы төрт жылда Достық үйінде сүйемелдеуші болып жұмыс істейді.
Сонымен қатар, «Русская песня» және «Галиябану» халық ансамбльдерін баян аспабымен сүйемелдеп, концерттік қойылымдарға қатысады. Ұжым оны кәсіби музыкант ретінде бағалайды және құрметтейді.
Сол күні ұжым Достық үйінің дыбыс режисері, музыкант, әнші Бағдат Асылбековті де жақында өзі туып-өскен Қостанай облысының Композиторлар Одағының мүшесі болуымен құтықтады.
Екі музыкантқа облыстық ассамблея төрағасының орынбасары, «Ақмола облысының орыс қауымдастығы» ҚБ төрағасы Александр Артеменко, татарлар мен башқұрттар бірлестігінің төрағасы Рафаил Сулькарнаев және «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Ермек Нұғыманов жылы лебіздерін айтты.