Халқымыздың амандығы мен келісімі – біздің басты игілігіміз
Ағымдағы жылдың 21 маусымы күні «Қоғамдық келісім» КММ (Достық үйі) конференция залында Қазақстан Республикасының Преизденті Қ.К. Тоқаевтың Президент қызметіне ресми кірісудің салтанатты рәсімінде айтқан елді дамытудың 10 басым бағытын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының этномәдени бірлестіктері, қоғамдық құрылымдар мен «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы өкілдерінің қатысуымен өтті.
Дөңгелек үстел қатысушылары алдында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі М.Ю. Тохаева, Чуваш этномәдени орталығының төрайымы Е.И. Мащинская, Орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының төрағасы Г.В. Осиненко, «Вайнах» шешен-ингуш қоғамының төрағасы Г.И. Яндиев, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының облыстық «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының көшбасшысы А.Ш. Балтабаевтар сөз сөйледі.