Достық үйінде «Алтын ине» байқауы өтті

Бүгін Достық үйінде Ақмола ассамблеясы жанындағы сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің арасында «Алтын ине» байқауы өтті.
Байқауға этностильде тігілген сәндік қолданбалы өнер бұйымдары (панно, кесте, кәде сыйлықтар) қабылданды.
Байқаудың мақсаты ұлттық дәстүрлерді, мәдени құндылықтарды дамыту, сәндік-қолданбалы өнер шеберлеріне өздерінің шығармашылық әлеуетін іске асыруға мүмкіндік беру, еңбек (қолөнер) құндылықтарын белсенді ілгерілетуді қамтамасыз ету.
Аталмыш байқауға 11 қатысушыдан өтінім қабылданған болатын. Қазылар шешімімен 1 орынды Сулейменова Алтын Жанатаевна иеленсе, 2 орын иегері Есетова Галина Аскеровна, 3 орынды Нурканова Гульбара Намазбековна иеленді, «Оң қолынан өнер тамаған» номинациясын Рахимова Адемау Серікқызы және «Өнерлінің қолы алтын» номинациясын Коваленко Ангелина Павловна жеңіп алды.
«Әйелдің ең бірінші парызы – ине мен жіптің парқын білу, яки тігіншілік өнерін терең меңгеру. Ал екінші парызының не екені әлі күнге құпия», – деген екен ағылшын жазушысы Оскар Уайльд.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!