«Бес нәрседен қашық бол!» атты ZOOM-конференция
Бүгін 12 тамыз «Салауатты сана» жобасының әдістемелік нұсқаулығын таныстыру және талқылау мақсатында «Бес нәрседен қашық бол!» атты ZOOM-конференция өтті. Аталған шараға Ақмола ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы Айнұр Жахина және «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Идрисова Райхан Екпендіқызы қатысты.
«Салауатты сана» жобасының мақсаты – ҚХА Аналар кеңесінің мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдарға деструктивті іс-әрекеттерге және қоғамның бес әлеуметтік кемшіліктеріне қарсы тұру және жою бойынша практикалық, сараптамалық, ақпараттық-түсіндіру және басқа да шаралар кешенін әзірлеуге және іске асыруға көмек көрсету. Бұл жоба нашақорлық, лудомания, тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдықпен күрестің алдын алуға бағытталған жұмыстарды қамтиды.