Ғылыми-сараптамалық топтың қорытынды отырысы

Ағымдағы жылдың 13 желтоқсаны Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың қорытынды отырысы өтті, оған «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, ғылыми-сараптамалық топ мүшелері, Көкшетау қаласының мектеп оқушылары, жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары қатысты.

Отырыс барысында жастар арасында қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту мен дамытуға арналған жыл сайынғы«Мен қазақстандықпын!»  эссе мен әлеуметтік роликтер байқауының және қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісіне арналған облыстық үздік ғылыми жоба байқауының қорытындылары шығарылды. Байқауға 14-29 жас аралығындағы 80-ге жуық жастар қатысты. Олардың барлығына сертификаттар, ал жеңімпаздарға дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

      

Марапаттау рәсімі аяқталғаннан кейін ғылыми-сараптамалық топ өз жұмысын жалғастырды. Ғылыми-сараптамалық топтың төрағасы, тарих ғылымдарының кандидаты, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің Қашықтықтан білім беру технологиялары орталығының жетекшісі – Марат Өтегенов өз сөзінде ҒСТ-тың 2022 жылғы қызметі туралы айтып, 2023 жылға арналған басым міндеттерді белгіледі.