Отбасылық құндылықтар – ұлттық тәрбие негізі
Бүгін Достық үйінде Ақмола ассамблеясы жанындағы қалалық Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасылық құндылықтар – ұлттық тәрбие негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Ұлттық құрылтайдың Атыраудағы отырысында мемлекет басшысы көтерілген өзекті мәселелер арасында «Деструктивті насихаттарға біздің еліміздегі балалар да ілесіп кетіп жүр. Сондықтан мұның зардап-залалы өте зор болуы мүмкін. Таразы басында өскелең ұрпақтың рухани жағынан сау-саламатты болу мәселесі тұр» деген, осы орайда аталмыш іс-шара жасөспірімдерді теріс ағымдағы бағыттарға ілесіп кетуіне жол бермеу, отбасында дәстүрлі құндылықтарды дәріптеу, өз ұлтының өкілі болғанына мақтанатын ұрпақты тәрбиелеу, Анаға деген құрметті насихаттау мақсатында өткізілді.
Іс-шараға мектеп жанындағы Аналар кеңесінің өкілдері, психолог мамандар және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Қалалық Аналар кеңесінің төрайымы Найля Сейдалина модератор болған отырыста спикерлер Дін істері басқармасының теолог-маманы Ескелді Айтқожа «Әлеуметтік желілер арқылы деструктивті жалған діни ағымдарға тарту әдістері» тақырыбымен және «Зерделі ұрпақ» ЖҚБ жетекшісі, Дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының мүшесі, ҚХАА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі Гүлнар Оразбаева «Мектеп оқушылары арасында деструктивті діни идеялардың алдын алудың өзектілігі» тақырыбында өз баяндамаларын оқыды.