Достық үйіне экскурсия
7-10 маусым аралығында «Қоғамдық келісім» КММ Ақан сері атындағы колледж студенттері экскурсияға келді. Колледж студенттерін Достық үйінің немен айналысатыны, Қазақстан халқының достығы мен бірлігін нығайту бойынша қандай жұмыстар атқаратыны қызықтырды.
Экскурсия барысында тыңдаушылар этномәдени бірлестіктер үшін ресурстық, мәдени және әдістемелік орталық болып табылатын, этностардың бірлігі, этносаралық келісім, жалпыазаматтық бірегейлік идеяларын қалыптастыру, қазақстандық патриотизмді насихаттаумен, мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізумен айналысатын облыстық Достық үйінің қызметімен танысты.
Білім алушылар этномәдени бірлестіктердің кабинеттеріне кіріп Ақмола облысы этностарының мәдениеті, салт-дәстүрлері туралы мәлімет алды. ҚХАА мүшелерінің, ЭМБ көркемдік ұжымдарының қатысуымен дайындық шаралары, дөңгелек үстелдер, конференциялар, концерттер өтетін хореография, көрермендер және конференц-залдарында болды.
«Ақмола облысының татарлар мен башқұрттар бірлестігі» ҚБ кабинетінде оның жетекшісі Р.С. Сулькарнаев этномәдени бірлестіктің құрылу тарихы, оның қызметі, қоғамдық бірлестік жанындағы көркем өнер және жастар ұжымдарының жұмысы туралы айтып берді. Қоғамдық бірлестік жанындағы «Ғалиябану» ансамблі қонақтар үшін татар тілінде халық әнін орындады.
Студенттер Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қызметін, облыстық Достық үйінің бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту, Ақмола облысында тұратын этностардың мәдениетін, дәстүрлерін дамыту жөніндегі жұмыс мазмұнын кеңінен ашқан қызықты экскурсияға оң пікірлері мен ризашылықтарын білдірді.