Ұлы ғалым, тұңғыш академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған іс-шара
Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының «ТҰЛҒАТАНУ» жобасын іске асыру шеңберінде қазақтың ұлы ғалымы, тұңғыш академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған іс-шара өтті.
Жастарды қазақ мәдениетіне, ғылымына, өнер мен әдебиет қайраткерлері бойынша танымдық іс-шараларға белсенді тартуға, қазақстандық патриотизмді насихаттауға, Қазақстан этностарын жақындастыруына және қазақ халқының мәдени мұрасы танымал етуге бағытталған «Тұлғатану» жобасын жүзеге асыруға Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайымен бірлесіп «Чинсон» корей мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі және «Қоғамдық келісім» мекемесі ат салысты.
Шараға ЭМБ, Көкшетау қалалық Аналар кеңесінің, «Жастар ассамблеясының» төрағалары мен мүшелері және ҚХА басқа да қоғамдық құрылымдарының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Сәтбаевтың өмірі мен қызметін ұзақ жылдар бойы зерттеген еңбек ардагері Мейрамбек Қиықұлы Қиықов, Көкшетау университетінің аға оқытушысы Киккаринов Еркін Баяхметұлы, «Чинсон» корей мәдени орталығы» ҚБ жастар қанатының мүшесі Прокопович Сокопович. жастарға ғалымның өмірбаянымен, ғылым, өнер, мәдениет салаларына сіңірген еңбегімен бөлісті.