Этносаясат мәселелері бойынша cеминар
Ү. ж. 3 ақпанында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің этносаралық қатынастарды дамыту комитеті Ақмола облысының этносаясат саласындағы уәкілетті органдарының жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша онлайн-семинар өткізді.
Семинар жұмысына облыстың ішкі саясат басқармасы мен бөлімдерінің, «Қоғамдық келісім» КММ, этномәдени бірлестіктердің, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қоғамдық құрылымдарының, көші-қон қызметінің өкілдері қатысты.
Семинар тыңдаушыларының алдында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының, «Қоғамдық келісім» РММ өкілдері сөз сөйлеп, жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің, талдамалық жұмыстың қорытындылары бойынша Ақмола облысының мемлекеттік органдарының этносаралық қатынастар саласындағы жұмысын жақсарту және жетілдіру жөніндегі өз ұсынымдарын білдірді.
Семинар барысында «Қоғамдық келісім» КММ, ішкі саясат бөлімдерінің қызметін ұйымдастырушылық және әдістемелік қолдау, жалпыазаматтық бірегейлікті қалыптастыруға, этностардың қазақстандық алуан түрлілігін насихаттауға, қандастарды қазақстандық қауымдастыққа бейімдеу және ықпалдастыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға бағытталған төрт базалық жобаны іске асыру мәселелері көтерілді.