Дойбыдан Көкшетау қаласының турнирі
2022 жылғы 10 қазан күні Балалар жылы аясында спорттық шеберлікті арттыру, ата-аналар мен балаларды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсатында «Салтанат сарайы» ғимаратында дойбыдан Көкшетау қаласының турнирі өтті.
Ұйымдастырушылар – Көкшетау қаласының Аналар кеңесі, ҚХАА жанындағы Ақмола облысының Аналар кеңесі, «Асыл аналар» көп балалы аналар қоғамдық бірлестігі, «Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ
Турнирге көп балалы аналар арасында 30 жас және одан жоғары жас санаттарынан 30-ға жуық адам қатысты. Ойын қызу өтті, көп балалы аналар ақыл-ойын жаттықтыруға, ойлануға және шешу жолдарын іздеуге және оң нәтиже алуға ұмтылуға мүмкіндік алды.
Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздарға сертификаттар, 7-12 жас аралығындағы балаларға арналған «Best dance Kokshetau» би студиясына, «SÀNDEN» сұлулық салонына, Лейла Макишеваның дене терапия орталығына, «Три брата» автомектебінде «В» категориясы бойынша теорияны оқуға бару үшін сыйлық сертификаттары берілді, және де барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді.