Достық үйіндегі «Соллаль»
3 қаңтар күні Достық үйінде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебі кәріс халқының Жаңа жылы Соллаль – мерекесін ай күнтізбесі бойынша атап өтті.
Бұл жылы мереке 5 ақпан күніне тап келді. Оңтүстік Корея елінің тұрғындары Соллаль мейрамын көктемнің басталуы: табиғаттың жаңарып, гүлденуге даярланатын кезеңі деп санайды. Бұл күні, әсіресе, ай күнтізбесіне негізделген Жаңа жылдағы келер егіс жинауының мол болуы үшін барша дәстүр-салттарды сақтау маңызды.
Кәріс тілінің оқытушысы Людмила Константиновна Лим Таңғы Самал еліндегі Соллальдің атып өтілу дәстүрі туралы айтып берді. Бір айта кетерлігі, кәріс тілін меңгеріп жүрген оқушылар, осы ұлттың көптеген салт-дәстүрлерімен жақсы таныс.
Іс-шара барша қатысушыларға ерекше әсер сыйлады, залда отырғандардың барлығы жақсы көңілде болды. Балалар да, ұстаздар да шара барысындағы түрлі байқау мен викториналарға белсенді қатысып, кәріс халқының дәстүрлерін айтарлықтай білетіндерін көрсете алды.
Қатысушылардың ерекше ықыласына «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебі кәріс тілі сыныбы оқушыларынан құрылған барабаншылар ансамблінің – ең алғашқы өнер көрсетулері болды. «Жолбарыстар» және «Қонжықтар» атты екі топ арасындағы квест-ойын да, түрлі сұрақтар мен зияткерлік ойындар да өте қызықты өтті. Іс-шараның барлық қатысушылары жұбаныш сыйлықтарын алды.
Мереке өте жарқын әрі есте қаларлықтай болып өтті. Ал іс-шара Соллаль мейрамының дәстүріне сәйкес – түрлі тәттілер қойылған дастарханнан дәм татумен аяқталды.