Диалог алаңы
Ағымдағы жылдың 5 желтоқсанында «Қоғамдық келісім» КММ Ш. Уәлиханов атындағы КМУ жалпы тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы мен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы бірлесіп ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Ел бірлігі-біздің ең құнды игілігіміз» атты диалогтық алаң өтті.
Іс-шараға ҒСТ мүшелері, ғалымдар, студент жастар қатысты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы, ҚР Тұңғыш Президентінің Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін қалыптастырудағы рөлі туралы айтты.
Сөз сөйлегендер ҚХАА ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы – А. Қ. Қапышев, студенттер Қабылжан Думан, Абуталибов Аслан, Овсянникова Александра және басқалары Н. Ә. Назарбаевтың дана саясатының арқасында қазақстандықтар болашаққа ұмтылған біртұтас, ұйымшыл халыққа біріге білгендігін, Қазақстанның табысты және серпінді дамуы, оны әлемнің дамыған елдерінің қатарына тезірек ену бойынша Елбасының қойған жоспарларын жүзеге асыруға ұмтылатындығын атап өтті.
Іс-шара Достық үйіне экскурсия жасаумен аяқталды.