Достық үйі басшысының орынбасары тағайындалды
«Қоғамдық келісім» КММ басшысы Е. Б. Нұғымановтың бұйрығымен 1987 ж. т. Раисов Айдын Мақсұтұлы аталмыш мекеме басшысының орынбасары болып тағайындалды.
Қарағанды қаласындағы Орталық Қазақстан академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша, «Көкше» академиясын «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген. Көкшетау қаласының мәдениет саласында қызмет атқарған, «Ұлт намысы» ҚБ, «Мейірім тамшысы» қайырымдылық қорының төрағасы болған.
Соңғы жұмыс орны жеке кәсіпкерлік, «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық Кеңесінің мүшесі.