Ақмола облыстық ҚХА делегаттары панельдік кездесулерге қатысуда
Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясына барған Ақмола облыстық КХА делегаттары бүгін Астана қаласында «Назарбаев Университет» оқу орнында панельдык кездесуге қатысуда.
Делегация құрамындағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары, облыстық мәслихат депутаттары және ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдардың жетекшілері секциялық пікірталас алаңдарында сарапшыларды тыңдап, өзара пікір алмасуда.
Айта кетейік, 27 сәуір күні Мемлекет басшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Қ.К.Тоқаевтың жетекшілігімен «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» тақырыбындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясы «Бейбітшілік және келісім» сарайында өтеді.