Құрметті келушілер!
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ «ASHYQ» жобасының қатысушысы болды.
А. ж. 28 маусымынан бастап «Қоғамдық келісім» КММ-не кіру «ASHYQ» қосымшасы бойынша жүзеге асырылады, ол арнайы QR-код арқылы келушінің мәртебесін анықтайды. QR-кодты алу үшін «ASHYQ» мобильді қосымшасын интернеттен жүктеу жеткілікті.
Мұның бәрі халықтың қауіпсіздігі, қонақтар мен қызметкерлердің коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупін азайту үшін жасалуда.
Арнайы QR код Достық үйінің кіре берісінде орнатылған және ұялы телефонда қосымшаның болуын талап етеді.