Құрметті Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы журналистер клубының мүшелері!
Журналистика – қызығы мен қиындығы мол, зор жауапкершілікті қажет ететін кәсіп. Әрқайсыларыңызды айқын азаматтық ұстаным, жоғары кәсіпқойлық, болып жатқан жағдайға немқұрайлы қарамау, шыншылдық ерекшелендіреді. Сіздер ел өмірінің әрбір жетістігін өз жетістігім деп біліп, қиындығына жүрегімен беріліп, әрбір сәтті қалт жібермеуге тырысатын ақпарат саласының майталманысыздар. Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!
Сіздерге Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы, оның қоғамдық құрылымдарының қызметіне ақпараттық қолдау көрсетіп, қоғамдық санада этносаралық татулық пен азаматтық бірлікті сақтау идеясын қалыптастыру жолындағы идеяларды объективті түрде жария етіп жүргендеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін.
Қаламдарыңызға қызықты тақырыптар ілінсін, ал жарияланымдарыңыздағы әр сөз адамдарды жақсылық жасауға, жарық әлемді нұрландыруға жетелесін!
Баршаңызға дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, кәсіптеріңізге өрлеу, еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілеймін!
Жаңа идеялар мен жобаларды жүзеге асыруда табысқа жете беріңіздер.
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы |
Нұғыманов Е.Б. |