Депутатпен әңгімелесу
Екінші күн қатарынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.М. Дементьева Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының активімен кездесіп отыр. Облыстық ассамблея мүшелері мемлекеттік тілді дамыту, жастар үшін білім алудың қолжетімділігі туралы көптеген сұрақтар қойды.
Тараптар өзге этнос өкілдерін мемлекеттік тілге оқыту, жастарды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша пікір алмасты.
Бірінші мәселе бойынша Наталия Григорьевна мемлекеттік тілді үйренудің жеке тәжірибесімен бөлісіп, елде этникалық жастар арасында қазақ тілін білетіндердің саны өсіп келе жатқанын, бірақ адамдарды оны оқытуға мәжбүрлеудің қажеті жоқ, оны үйрену үшін қажетті жағдайлар мен орта жасау керектігін атап өтті. Бұл міндет тек мемлекеттің ғана емес, отбасының да міндеті.
Екінші мәселеге қатысты, депутат Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Қазақстанда Ресейдің техникалық жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу, ел үшін жұмысшы мамандықтарды даярлау жөніндегі бастамасын қолдады.
– Ел техникалық мамандарға мұқтаж, сондықтан оларды жастар арасында насихаттау, жұмысшы адам мәртебесін арттыру қажет, – деп атап өтті Дементьева.
Сол күні депутат азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Іс-шараларға облыстық ассамблея хатшылығының меңгерушісі Н.Т.Әбдірахманов қатысты.