«Қазақстан Республикасында медиацияны дамыту» конференциясы
Бүгін «Халықаралық келіссөздер академиясы» Қауымдастығы» ЗТБ өкілдерінің, біздің өңіріміздің медиаторларының, ҚХАА Медиация кеңесі мүшелерінің, «Қоғамдық келісім» КММ мамандарының және ішкі саясат бөлімдерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасында медиацияны дамыту» тақырыбында конференция өтті.
Қауымдастық төрағасы Сабыржан Қалмұханбетов медиацияны дамытудың жаңа тұжырымдамасын іске асыру жөнінде сөз сөйледі. Медиация кеңесінің мүшесі, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Г. Нурманова сот жүйесіндегі медиацияның рөлі мен дамуы туралы айтып берді. Медиация кеңесінің мүшесі, Щучинск қаласындағы №9 мектеп гимназиясының директоры Б. Көшекова мектеп медиациясына көбірек көңіл бөлу, бұл мәселеде ата-аналарды тарту қажеттілігі туралы мәселені көтерді. «Қоғамдық келісім» КММ талдау және мониторинг бөлімінің бас сарапшысы Е.Закирьянов аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін қоғамдық бірлестіктердің, атап айтқанда «Аналар кеңесі» мен «Әкелер одағының» өзара іс-қимылын жандандыруды ұсынды. Медиация кеңесінің мүшесі Ф. Есжанова өңірдегі қоғамдық медиаторлар қызметіндегі проблемалар туралы айтты. Медиация кеңесінің мүшесі, кәсіби медиатор Ж.Нұржанова және медиация кеңесі төрайымының орынбасары С.Ильясова некені бұзу туралы мәселелерді қарау кезінде медиаторлардың белсенді қатысуын атап өтіп, олардың отбасын сақтаудағы рөлін атап өтті. Медиация кеңесінің төрайым Г. Мәдиева конференцияны қорытындылады, медиация саласындағы статистиканы айтты, медиаторлардың мәртебесі мен рөлін заңнамалық деңгейде арттыру және оларды жергілікті атқарушы органдар тарапынан қолдау қажеттігі туралы тілегін білдірді.
Конференцияның басқа қатысушылары Ақмола облысында қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту шараларын, медиацияны дамытудағы проблемалық мәселелерді белсенді талқылап, осы саладағы өз жолдары мен шешімдерін ұсынды.