«Кыз еркем – анасымен көркем» конкурсы

Ежелден еліміз қыз тәрбиесіне зор мән беріп келген. «Қыз өссе елдің көркі» деген нақыл сөз тегін айтылмаған ғой.

«Қоғамдық келісім» КММ–сі, Ақмола облыстық ассамблеяның Аналар кеңесінің және Көкшетау қаласының 17 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен 12 сәуір күні қаламыздағы Достық үйінде «Қыз еркем- анасымен көркем» атты конкурс өтті. Конкурска аталған мектептің 6 жұп қыз бен ана алты этаптан тұратын сайысқа қатысты.

Қатысушылардың өнерін білікті мамандардан құралған әділ қазылар алқасы бағалап отырды.

Сайыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар Алғыс хаттар және кәдесыймен марапатталды.