Тілдер онкүндігінің жабылуы
А. ж. 16 қыркүйегінде «Қоғамдық келісім» КММ тілдер онкүндігінің салтанатты жабылуы өтті. Онкүндік аясында Достық үйі, ҚХАА қоғамдық құрылымдары, этномәдени бірлестіктері 10-нан астам іс-шара өткізді. Олардың қатарында оқушы және студент жастар арасындағы қазақ тілінен ашық диктан және домбырашы-вокалистер байқауы, «Өзім туралы» интернет акциясы, мемлекеттік тілді еркін меңгерген түрлі этностардың жастарымен дөңгелек үстел, мемлекеттік тіл саясатының өзекті мәселелерін талқылауға арналған диалог алаңдары, концерттер және т. б.
Аталмыш шараларға жалпы саны 400-ден астам адам қатысты. Тілдер онкүндігінің белсенді қатысушыларын Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының алғыс хаттарымен және «Қоғамдық келісім» КММ атынан естелік сыйлықтармен марапаттау осы іс-шаралар легінің қорытындысы болды. Марапатталғандардың арасында ҚХАА этномәдени бірлестіктерінің, қоғамдық құрылымдарының басшылары, «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы мемлекеттік тілді насихаттау және дамыту орталығының өкілдері, ҚХА «Мың бала» жобасы аясындағы жалпықазақстандық диктанаттың жеңімпаздары бар.
Шара барысында сөз алған облыстық оқыту-әдістемелік орталығының директоры Қ. Б. Төлекеев, «Қазақ тілі мен мәдениеті» ҚБ төрағасы М. М. Қойшин, «Вайнах» шешен-ингуш қоғамының төрағасы Г. И. Яндиев, ҚХАА Аналар кеңесінің төрайымы К. С. Рақымжановалар қатысушыларды мерекемен құттықтап, облыстық ассамблея мүшелерінің, ҚХАА жастарының тілдер онкүндігін өткізудегі, мемлекеттік тілді насихаттаудағы, этнос өкілдерінің тіл, мәдениет және Қазақстан халқының салт-дәстүрлері көрсетіліміндегі жоғары белсенділігін атап өтті.
Іс-шара этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары мен қалалық мәдениет бөлімі өкілдерінің орындауындағы мерекелік концертпен аяқталды.