“Қазақстан халқы Ассамблеясының кәсіпкерлер қауымдастығы дамуының жаңа бағыттары” тақырыбында бизнес форум
А.ж. 8 шілде күні “Қоғамдық келісім” КММ-де Қазақстан халқы Ассамблеясының кәсіпкерлер қауымдастығы “Қазақстан халқы Ассамблеясының кәсіпкерлер қауымдастығы дамуының жаңа бағыттары” тақырыбында бизнес форум өткізді.
Форумның мақсаты-адамдарды біріктіру, кәсіпкерлер қауымдастығын құру. Форумда сөз сөйлеген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Н.Г. Дементьева кәсіпкерлер қауымдастығы қажет екенін атап өтіп, қауымдастық қатарына қатысуға ниет білдірушілерді шақырды. Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер қауымдастығының президенті Қ.О. Айтбай қауымдастықтың құрамымен, қызметімен және жұмысымен таныстырды.
Форумға қауымдастық басшылары мен мүшелері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, өңір әкімдігінің кәсіпкерлік және ішкі саясат басқармасының басшылары, “Атамекен” ҰКП және “Даму” кәсіпкерлікті дамыту Қорының өңірлік өкілдері, белгілі бизнесмендер, маркетинг және нетворкинг жөніндегі мамандар қатысты.
Форумда кәсіпкерлер тәжірибелерімен бөлісіп, өз идеяларын ұсынды, кәсіпкерлік бойынша өзекті мәселелерді талқылады.