ЖАЗУШЫНЫҢ ЖАРҚЫН ЕСТЕЛІГІ

Ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінде Ақмола облысының татар және башқұрт қоғамдық бірлестігінің бастамасымен Красный Яр ауылында белгілі татар жазушысы, драматург Салахов Ибрагим Низамовичтің туғанына 110 жыл толуына арналған митинг өтті.

Жазушының үйіне туыстары мен жақындары, қоғам өкілдері, татар-башқұрт орталығының белсенділері жиналды.

Қалалық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Ш. Ш.Әлиев, “Қоғамдык келісім” КММ басшысы Е. Б. Нұғманов, Ақмола облысы татарлар мен башқұрттар бірлестігінің төрағасы Р. С. Сулькарнаев и. Н. Салаховты еске алу құрметіне драматург туралы естеліктерімен бөлісті.