Белсенділерге құрмет көрсету

А. ж. 14 желтоқсанында «Қоғамдық келісім» КММ  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған жиын өтті.

Облыстық Достық үйінің басшысы Нұғыманов Е.Б. шара қатысушыларын мерекемен құттықтап, мекеме қызметкерлеріне, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы ғылыми-сараптамалық топ мүшелеріне, «Шаңырақ» тілдерді оқыту клубы мен мемлекеттік тілді насихаттау және дамыту орталығының өкілдеріне өңірдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруға, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға, мемлекеттік тілді дамытуға қосқан жеке үлестері үшін алғыс білдіріп, оларға алғыс хаттар табыс етті.