Ауыл әйелдерінің форумы
А.ж. 28 тамызында «Достар» МС-та ауыл әйелдерінің форумы өтті. Оған Ақмола облысының 19 ауданы мен қаласынан өкілдер жиналды. Форум Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның қолдауымен өтті.
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы форумға белсене атсалысты. «Достар» МС залында көкшетаулық белгілі шебер Ү. Ементаева жасаған бұйымдардың көрмесі жайылды. Үкіжан Қалиақпарқызы өз өнерінің қыр-сырымен қуана бөлісті. Шебердің қолынан дала халқының, ежелгі қоныстың атауы тігілген түрлі-түсті киізден жасалған кілем карталар секілді нағыз жауһарлар туған. Шебермен жай ғана тілдесудің өзі рахат сыйлайды, ол өз ісі туралы қызықты етіп әңгімелейді, өзінің шығармашылығын міндетті түрде түрік мәдениетінің тарихымен байланыстырады, арғы бабаларымыздың мәдениеті, олардың өмірі мен тұрмыс салты, фольклорлық дүниенің байлығы туралы қызыға айтады.
Көрменің тағы бір экспозициясы форум қонақтарын Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің қызметімен таныстырды. Қатысушылар облыстық Аналар кеңесінің күнделікті жұмысы мен мерекелері жайындағы материалдарды қызығушылықпен қарап жатты.
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы әзірлеген көрме әйел өзінің әлеуметтік мәртебесі мен орнына қарамастан, әрдайым әйел–ана, ошақ қорғаушысы болып қалатынын, өз тұрмысын әдемілеуге талпынатынын, халық қолөнеріне қызығушылықпен қарайтынын тағы бір мәрте дәлелдеді.