Қолөнершілерді марапаттау
Өткен жылы “Қоғамдық келісім” КММ ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “Бір шаңырақ астында – биік мақсаттарға” жобасын іске қосты.
Жобаны іске асыру кезеңдерінің бірі Қазақстан Республикасының картасын қолмен жасау болды.
Картаны әзірлеуге облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы сәндік-қолданбалы өнер шеберлері одағының мүшелері қатысты. Әр қолөнерші өз үлесін қосты. Карта ұлттық нақыштағы фетрден кесте тігу, киіз басу, бисермен өру, тоқу сияқты қолдан жасалған элементтерді пайдалана отырып жасалған және облыстық Достық үйіне сыйлық ретінде қолөнершілер ұсынған.
24 тамызда марапаттау рәсімі өтті. 10 сәндік-қолданбалы өнер шеберлері “Қоғамдық келісім”КММ дипломдары мен сыйлықтарына ие болды.