Ақмола облысынан ҚР Парламентінің депутаты
2021 жылдың 11 қаңтары Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVIII сессиясы өтті, онда Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне ҚХА-нан 9 үміткер сайланды.
Дауыс беруге ҚХА-ның 351 мүшесі қатысты. Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясынан Көкшетау қаласының гуманитарлық-техникалық лицейінің директоры Н. Г.Дементьева ҚР Парламентінің депутаты болып сайланды. Оның кандидатурасына Ассамблеяның 292 мүшесі дауыс берді.
Наталья Григорьевнаны еліміздің жоғары заң шығарушы органына сайлануымен құттықтаймыз. Оған Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты ретінде жемісті жұмыс тілейміз!