ҚХАА дәріскерлер тобы Петропавл активімен кездесті
Ағымдағы жылдың 7 желтоқсанында «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдарының қоғамдық келісім мен бірлік саласындағы рөлі» республикалық дәрісін өткізу аясында Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының бес адамнан тұратын делегациясы Петропавл қаласына барды.
Оның құрамында этномәдени бірлестіктердің, ҚХАА қоғамдық құрылымдарының басшылары, “Қоғамдық келісім” КММ маманы Айман Мусина бар.
Біздің баяндамашылар Ақмола облыстық Ассамблеясының, оның қоғамдық құрылымдарының қызметі туралы дәрістер оқыды, этномедиацияны, сәндік-қолданбалы өнерді дамыту саласындағы жұмыс тәжірибесімен, этностардың тілін, мәдениеті мен дәстүрлерін сақтау және дамыту, отбасылық құндылықтарды насихаттау, неке және отбасы институтын нығайту жөнінде этномәдени бірлестіктер мен Аналар кеңестерінің қызметі туралы бөлісті.
Кездесу барысында тараптар ҚХА қоғамдық құрылымдарының қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту жөніндегі қызметінің тиімділігін арттыру туралы мүдделі әңгіме өтті.