Пайдалы кездесу
Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында «Қоғамды қкелісім» КММ қабырғасында Ақмола облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен дөңгелек үстел форматында кездесу өтті.
Кездесу еркін атмосферада өтті. Достық үйінің бөлім басшысы Айгүл Жанбатырова тыңдаушыларға Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының, “Қоғамды қкелісім” КММ-нің мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, өңірдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру жөніндегі қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Атап айтқанда, ҚХАА, оның қоғамдық құрылымдары – Қоғамдық келісім кеңестері, Аналар кеңестері, ғылыми-сараптамалық топ, «Ассамблея жастары» жастар қозғалысы және басқалары этносаралық негіздегі жанжалды жағдайларды болдырмау және олардың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізеді, отбасы институтын сақтауға және нығайтуға ықпал етеді, этносаясаттың өзекті бағыттары бойынша ҚХАА қызметін сараптамалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді, Ассамблеясының әлеуметтік жобаларына, қайырымдылық және волонтерлік акцияларына белсенді қатысады, сондай-ақ Қазақстан этностары арасында мемлекеттік тілді насихаттау мен дамытуға атсалысады.
Облыста 49 этномәдени бірлестік тіркелген және жұмыс істейді, олардың 16 облыстық Достық үйінде өз кабинеттері бар, олар этникалық стильде безендірілген, әр этностың мәдениетін, дәстүрін көрсетеді. Бұған Достық үйіне экскурсия жасаған тыңдаушылар көз жеткізе алды.
Облыс этностарының өкілдері өңірдің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму үрдісіне белсенді тартылғаны туралы Ақмола облысы поляктар бірлестігі төрағасының орынбасары Александр Маньковский айтып берді.
Көптеген тыңдаушылар Достық үйінде алғаш рет болғандықтан ҚХАА және этномәдени бірлестіктердің өңірдегі қоғамдық тұрақтылық пен этносаралық келісімді сақтау жөніндегі қызметі туралы спикерлердің баяндамаларын зор қызығушылықпен тыңдады.