ҚХА атынан сайланған депутатпен кездесу
30 мамыр күні «Қоғамдық келісім» КММ қабырғасында Қазақстан халқы Ассамблеясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ілияс Бұларов Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының активімен кездесті.
Депутат ел Президенті бастамашылық еткен «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша түсіндірме берді.
Бұл мәселені талқылауға этномәдени бірлестіктердің басшылары қатысып, референдумға ортақ қолдау білдірді.
Кездесуде Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты басқа да мәселелер талқыланды.
Еркін әңгімелесу барысында тараптар осы мәселелер бойынша пікір алмасты. Кездесуге ҚХА хатшылығының меңгерушісі Нариман Әбдірахманов қатысты