Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының XXV сессиясы өтті
А.ж. 14 маусым күні Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының XXV сессиясы «Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXI сессиясында қойған міндеттерін іске асыру» тақырыбында өтті.
Сессия облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өтті. Оның жұмысына облыстық ассамблея мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, мемлекеттік органдардың өкілдері, Қоғамдық келісім кеңесінің, Аналар кеңесінің мүшелері және т. б. қатысты.
Өзінің кіріспе сөзінде облыс әкімі, ҚХАА төрағасы Е.Б. Маржықпаев ҚХАА мүшелерінің назарын Президент Қ. К. Тоқаев белгілеген үш басым міндеттерді орындауға аударды, бұл – ҚХАА мүшелерін, облыстық Ассамблеяның қоғамдық құрылымдарын саяси реформаларды іске асыруға белсенді қосу, ақпараттық жұмысты және құқық қорғау қызметін күшейту.
Сессияда ҚХАА ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы Марат Өтегенов, облыстық ассамблеяның Журналистер клубының төрайымы Светлана Ким, ҚХАА облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Айнагүл Жазиева, Ақмола облысындағы «Ассамблея жастары» өкілдігінің орынбасары Мирас Қапар, «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы мемлекеттік тілді насихаттау және дамыту орталығының көшбасшысы Милана Тарасова және басқалар баяндама жасады.
Спикерлер облыстық ассамблея қызметінің тиімділігін арттырудағы ғылыми-сараптамалық топтың рөлі, бұқаралық ақпарат құралдарындағы этносаясат мәселелерін объективті жариялаудағы журналистердің жауапкершілігі, этносаралық келісімді қамтамасыз етудегі Аналар кеңесінің рөлі, жастарға рухани-адамгершілік тәрбие беру, жастар бастамаларын дамыту, жастарды жасампаз және әлеуметтік қызметке тарту, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, оның ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі рөлі туралы айтты.
Сессияда айтылған ең маңызды мәселе облыстық Ассамблея жұмысын мемлекет пен қоғам арасында сындарлы диалог құруға, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған нақты істермен толықтыруды ұсынған ҚХАА қызметін қайта форматтау туралы ой болды.
– Ақмола ассамблеяның әрбір мүшесі жаңа Қазақстанның ізгі мұраттары мен құндылықтарын белсенді насихаттаушы болуға, елдің жаңаруына өз үлесін қосуға, әділеттілік пен заңдылық қағидаттарын сақтауды жақтаушы болуға тиіс, – деді Ермек Боранбайұлы өзінің қорытынды сөзінде.
Сессия жұмысы Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының құрамына өзгерістер енгізумен аяқталды.