Экологиялық акция өткізді

  Республика күні қарсаңында “Жастар Ассамблеясы” РҚБ облыстық филиалының мүшелері мен “Қоғамдық келісім” КММ қызметкерлері “Жаңа Қазақстан. Таза табиғат ” аясында экологиялық акция өткізді.

 

      Іс-шараның мақсаты – ел азаматтарының қоршаған әлемге, табиғатқа және оның тұрғындарына сергек қарау мен ұқыпты қарым-қатынасын тәрбиелеу.

Акцияға қатысушылар облыстық Достық үйіне іргелес Қопа көлінің жағалауын қоқыстан тазартты. Көлдің айналасында және оның ішінде әртүрлі фауна мен флора бар.

       Бұған экологиялық акцияға қатысушылар балық аулау әуесқойының үлкен шортанды қармақпен ұстағанына куә болды.