Тараптар меморандумға қол қойды

2018 жылы Мемлекет басшысы «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтыруларға қол қойды, оған сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік саласындағы медиация институтының дамуына ықпал етеді.

2022 жылдың 20 қазанында «Қоғамдық келісім» КММ Ақмола облысының кәмелетке толмағандарың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мен «Ақмола облысының «Шанс» кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық құқықық қолдау орталығы» мекемесімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум тараптарға жанжалдарды шешудің баламалы тәсілі ретінде азаматтық қоғам институттарында медиацияны дамыту және нығайту бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға мүмкіндік береді.