Достық үйінде ҚХА 30 жылдығына арналған жоспарлар талқыланды
Бүгін Достық үйінде Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Г.Т.Кәрімова Ақмола Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының басшылары және «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Шара барысында Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдығын атап өтуге арналған шаралар талқыланды. Гүлмира Тоқтарқызы алдағы жұмыстың маңыздылығын атап, ауқымды шараны өткізуге қатысушыларды атсалысуға шақырды.
Келелі кездесу барысында этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық құрылымдар басшылары айтулы мерекені лайықты атап өту туралы өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.
Сонымен қатар, «Қоғамдық келісім» КММ-і жаңа басшысы Қуаныш Ғибадатұлы Шақшақов таныстырылды.