Вице-министрмен кездесу
“Қоғамдық келісім” КММ-де ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Егізбаев С.Р. өңірлік Достық үйлерінің басшыларымен, этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен және БАҚ қызметкерлерімен кездесті. Кездесуді Ақмола облысы әкімінің орынбасары Идрисов К.М. ашты.
Вице-министр өз сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 2026 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы туралы айтып, ҚХА және Достық үйлері қызметінің негізгі бағыттарына тоқталды. Сонымен қатар, дөңгелек үстелге қатысушылардың назарын әлемде және ел ішінде болып жатқан жаһандық үдерістер, уақыттың жаңа сын-тегеуріндері жағдайында “Қоғамдық келісім” КММ жұмысын қайта форматтауға аударды.
-Достық үйлерінің жұмысын сапалы жаңа деңгейге көтеру, азаматтардың тұрмыстық, тұлғааралық қақтығыстарының этносаралық қатынастар аясында өсуіне жол бермеу, интернет – ресурстардың мүмкіндіктерін белсенді пайдалана отырып, адамдармен, әсіресе жастармен жұмыстың жаңа нысандарын құру қажет, – деп Серік Рахметоллаұлы өз сөзінде атап өтті.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан достық үйлерінің жұмысы туралы Нұғманов Е.Б., Рамазанова Н. С., Оразбаева Д.Р. ақпарат берді.
Ақмола облысының этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері Шоназаров У.Ф, Артеменко А. А., Яндиев Г.И., Корнеева С.Г. және басқалары өз қызметтері туралы қысқаша ақпарат берді.
Кездесуде уәкілетті мемлекеттік органдардың жұмысын қайталамай, Ассамблея, “Қоғамдық келісім” КММ жұмысының жаңа нысандарын іздеу, этномәдени бірлестіктердің қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қазақстандық құндылықтарды жастарда тәрбиелеу жөніндегі мақсатты жұмысы туралы Тараптар қызықты әңгіме өткізді.
Кездесу соңында ақмолалық журналистер тобы ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрінің грамоталарымен марапатталды.