Абай туралы оның тілінде айтылды

Мәдениетаралықтың басым бағыттарының бірі мемлекеттік тілді барлық қазақстандық этностар арасында этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде ілгерілету болып табылады.

Бүгінде ол барша қазақстандықтарды топтастырудың маңызды факторы рөлін атқарады. Осы тезиске сүйене отырып, “Қазақстанның Орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы” (ОСКҚ) Ақмола филиалы өз іс-шараларын өткізу кезінде мемлекеттік тілді белсенді қолданады. Қазақ ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған дөңгелек үстел де осыған дәлел.ОСКҚ облыстық филиалының төрағасы Геннадий Осиненко өзінің кіріспе сөзінде қазақтың ұлы ақынының өмірбаяны мен шығармашылығына толық тоқталды. Модератордың сөзін дөңгелек үстелге қатысушылар – Татьяна Король және Анастасия Ушакова жалғастырды, олар Абайдың өлеңдерін қазақ тілінде оқыды, ал Яна Дель “Көзімнің қарасы” әнін шырқады. Біржан сал атындағы  музыкалық колледж студенті Роман Борисовский домбырада қазақ әуендерін орындады.

     Қалған қатысушылар Татьяна Кулыгина, Сәуле Лаузбаева Абайдың шығармашылығы, оның орыс және қазақ тілдеріндегі әлемдік әдебиетке қосқан үлесі туралы сөз қозғады. Бұл күні қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, халық ағартушысы туралы қатысушылар негізінен қазақ тілінде сөйледі. Іс-шараға “Қоғамдық келісім” КММ бөлім басшысы Айгүл Жанбатырова қатысып, сөз сөйледі.