Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы Кәсіпкерлер қауымдастығының мүшелерімен кездесу өтті
12 маусымда «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы Кәсіпкерлер қауымдастығының мүшелерімен кездесу өтті. Төтенше жағдай кезінде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының Кәсіпкерлер қауымдастығы 300-ден астам мұқтаж жанұяларға жалпы соммасы 4 миллион теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті. Әлеуметтік көмек соғыс және еңбек ардагерлері, жалғыз басты қарт адамдар, аз қамтамасыз етілген көп балалы отбасылар, мүгедектерге көрсетілді.
Облыстық Ассамблея Хатшылығының меңгерушісі Тохаева Марзият Юсуповна өз сөзінде кәсіпкерлердің халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына көрсеткен жанқиярлық көмегін жоғары бағалады, ізгілік, рухани келісім, достық пен ұлтаралық бірлікті нығайтудың гуманистік мұраттарына жоғары қызмет еткендері үшін ризашылықтарын білдірді.
Ассоциация мүшелері Усманов Р.М., Есжанов А.Ж., Бобоев С.Ф. және Саркенов К.И. басқаратын «Новопек» ЖШС, «Вертикаль» ЖШС, «МК Агропродукт» ЖШС, «ЭТГ Комодиз» ЖШС кәсіпорындарында 80-100 адам жұмыс істейді. Карантин жағдайында олар жұмыс орындарын сақтап қана қоймай, жаңа жұмысшыларды даярлап, қабылдай алды.
Қайырымдылық қызметі үшін осы кәсіпорындардың жетекшілеріне, сондай-ақ Шоназаров У.Ф. – ҚХА қауымдастығының облыстық филиалының директоры, Машчинский А.В. – AANK еріктілер қозғалысы орталығының мүшесі Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Қ.Түймебаевтың алғыс хаттарымен марапатталды.