Біз дұрыс таңдау жасадық

10 қаңтар күні  елімізде маңызды оқиға – Мәжіліс пен Мәслихат сайлауы өтті. Қазақстан халқы өз таңдауын жасау үшін дауыс беру бөлімшелеріне келді. Біздің халқымыз өзінің саяси жолымен нық жүріп келеді, барлық қиындықтарды жеңіп, қуатты мемлекеттер қатарында болатынымызға сенімдімін.

Мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Чуваш этномәдени орталығының төрайымы ретінде сайлауға отбасыммен келдім. Онда мерекелік  көңіл-күй орнығып, сайлаушылар отбасыларымен келіп, белсенді дауыс беріп жатты.

Әрқайсымыз дұрыс таңдау жасап, саналылық таныттық және өзіміздің азаматтық парызымызды орындадық деп санаймын.

Сайлауға келгендердің барлығы тұрақтылық, бейбітшілік пен келісім, қазақстандықтар өмірінің гүлденуі үшін дауыс бергеніне сенімдімін.

Мащинская Елена, Ақмола облысы Чуваш этномәдени орталығының төрайымы