Журналистер тәжірибе алмасты

А. ж. 1 шілдесі  «Қоғамды қкелісім» КММ-де Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ ұйымдастырған республикалық Журналистер клубының отырысы өтті.

Оған «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметінің қызметкерлері, баспа БАҚ басшылары, ҚХА, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Алматы, Шымкент қалаларының Журналистер клубының мүшелері қатысты.

Бұл журналистер клубының Ақмола облысындағы алғашқы көшпелі отырысы. Ұйымдастырушылар қатысушыларға Ассамблея қызметін ақпараттық қамтамасыз етудің жаңа тәсілдерін жеткізуге, этносаралық қатынастар саласындағы мәселелер бойынша ақпараттық ресурстар мен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу құралдарын үйретуге тырысты.

Клуб отырысында ҚР АҚДМ этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин сөз сөйлеп, журналистерді ҚХА қызметі туралы жағымды ақпаратты оқырмандарға креативті түрде беруге, әлеуметтік желілердегі жағымсыз жарияланымдар мен пікірлерге уақтылы жауап беруге, интернет-пайдаланушыларды этностардың теңқұқылығын, олардың достығы мен бірлігін насихаттайтын қызықты материалдармен қызықтыруға шақырды.

ҚХА Журналистер клубының төрағасы Азамат Кеңесұлы, «Астана» радиосының директоры Сымбат Танашева, «Қазконтент» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дархан Уәлиханов баспа, электронды БАҚ, интернет басылымдарда этносаясат мәселелерін жариялау бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Танымал блогерҰлан Әбішев әлеуметтік желілерде бейнетүсірілім мен бейнематериалдарды орналастыру тәсілдері туралы айтып берді.

Клуб отырысында ақпарат саласындағы бәсекелестіктің күшеюі жағдайында журналисттер жұмысын қайта форматтау, Ассамблея қызметін көрсетуде тәжірибе алмасу жөнінде қызықты әңгіме өрбіді. Шара соңында барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.