Журналистер клубының отырысы

5 ақпан күні Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы журналистер клубының отырысы өтті. Талқылау тақырыбы клуб мүшелерінің этносаралық қатынастар саласындағы материалдарды ақпараттық жария ету жөніндегі медиа-жоспарды және клубтың 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын іске асыруға қатысуы болды.

Клуб төрайымы, Зеренді аудандық «Зерен»  газетінің редакторы Ким С. В. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығында журналистерді Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының, оның қоғамдық құрылымдарының қызметін баспа БАҚ беттерінде жариялау жұмысына белсене қатысуға шақырды.

Өз кезегінде «Қоғамдық келісім» КММ ақпараттық жұмыс бөлімінің басшысы С. С. Сәдуақасов журналистерге облыстық ассамблеяның жұмысына арналған тақырыптық жолақтардың шығарылымында ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.

Клуб мүшесі, «Акмолинская правда» облыстық газетінің тілшісі Н. И. Митчинова әріптестерінің назарын газеттегі этносаралық тақырыпты дұрыс жариялауға аудара отырып, олар үшін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, «Қоғамдық келісім» РММ сарапшылары мен мамандарының қатысуымен этносаясат мәселелері бойынша оқыту семинарларын ұйымдастыруды ұсынды.

Клуб мүшелері сондай-ақ «Қоғамдық келісім» КММ әзірлеген журналистика саласындағы «Шаңырақ» шығармашылық байқауының Ережесін талқылап, оған өз ұсыныстарын енгізді.

Жалпы, ZOOM платформасында журналистер клубының белсенділігін арттыру, оның облыстың баспа БАҚ беттерінде этносаясат мәселелерін жариялаудағы рөлі туралы мәнді әрі жемісті іскерлік әңгіме өтті.